Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері » НШ№31 Бел-Арық
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№31 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері
08
февраль
2023

Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері

Күзде боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағымды өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажет.

Мұз үстінде жүру ерекшеліктері:

- қатпаған мұз үстіне шықпаңдар;

- мұз үстінде топ болып тұрмау керек;

- мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз;

- биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз;

- мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз;

- мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз;

- өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер.

Егер сіз тайсаңыз, отыра қалыңыз. Құлап бара жатып, өзіңді жинап, жерге тигенде домалау қажет.

Білім алушыларға теориялық білімдерді түсіндірумен қатар, қауіп-қатерге тап болған жағдайда қолданылатын іс-шараларды тәжірибе жүзінде жүзеге асырды.