Сыңғырла, алғашқы қоңырау
Сыңғырла, алғашқы қоңырау.
Жүргізуші
Қайырлы күн бүгінгі салтанатымызға жиылған қауым!
Армысыздар ,қымбатты мектеп оқушылары!
Қош келдіңіздер қымбатты ата-аналар мен мереке қонақтары!
Бүгін 1-қыркүйек білім күні.
Тәуелсіз еліміз Қазақстан Республикасының тарихындағы ,сондай -ақ Қазақстанның әрбір азаматының ,мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн.Өйткені білім күні -өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі.
1-қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттағалы тұрған , жаңа өмірге қадам жасаған 1 -сынып оқушылары үшін қуанышты күн.
1-қыркүйек білім күніне және 2022 - 2023 оқу жылының бастауышына арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз .
Ендеше ,болашақта елінің атын әлемге танытар ,ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап , білім бұлағынан сусындауына асығып келе жатқан жаңа буын шәкірттеріміз 1-сынып оқушыларын сынып жетекшілерімен құрметпен ортаға шақырамыз .
1-сынып жетекшісі Адиева Мақпал апкилерімен ортаға келіңіздер.
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте – деп Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын.
Жаңа оқу жылымен сіздерді №31 бастауыш мектебінің меңгерушісі: Адиева Мақпалапкиге сөз кезегін берейік.
Біреулер енші алып өмірден
Түлеп ұшты асып қыр,
Бүлдіршін балғын көңілмен ,
Алғашқы қадам басып тұр.
Сондықтанда назарды ,
Солар жаққа бұрайық
Балдырғанды кішкентай
Қарсы алып қол соғайық!
Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем,
Мектепке келген алғашқы,
Бүлдіршінге бір сәлем!
Қымбатты 1-сынып оқушыларының жүрек жарды тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Инабат:
Биыл менде мектепке,
Біріншіге барамын,
Мақтанбаймын мен текке ,
Дайын дәптер қаламым.
Бақдаулет:
Ості міне бйымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.
Рамазан:
Мектепке алғаш барғанда ,
Ұстаздарды мақтаймын.
Сенімдерін ақтаймын.
Біздікіндей мектепті
Әлем шарлап таппаймын.
Жүргізуші:
Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік аты жағылсын
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау соғылсын.
Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебіміздің биыл түлеп ұшатын түлегі Аманжол Нұрәлі және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршініміз Байдәулет Инабатты ортаға шақырамыз.
Соғылсын қоңырау ,соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла .
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна ,бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік ,
Соғылсын қоңырау , соғылсын.
Қуаныш әніндей жаңғырып.
Жүректер ақ нұрға соғылсын.
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу- мінезді күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы-деп жаңа оқу жылымен құттықтау сөз кезегін Гүлбану апкиге берейік.
Білімді болсын әр бала ,
Мектепте оқып сабағын
Жақсылыққа бастасын,
Сәтті қып әрбір қадамын-дей отырып, 4-сынып оқушыларының жүрек жарды тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Алихан:
Құтты болсын бүгінгі ,
Ұстаздардың күні бұл
Ұстаздарға арналар
Шәкірттің ізгі жыры бұл.
Ұстаз деген ұлы есім,
Бізге білім беретін.
Құтты болсын мерекең,
Әр жыл сайын келетін.
Айсұлтан:
Сәлем саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім , тәрбие
Ой санама еккенің.
Қуаныш бүгін -мереке,
Мектепке келген алғашқы ,
Жан досым ,саған мың сәлем.
Нұрәлі:
Білім керек бәріне,
Балалардың бәріне .
Білімі болмаса егер де,
Жолы болмас өмірде.
Өмір бойы бәріне
Сондықтан да балалар,
Білім алайық бәріміз.
Соның үшін балалар
Білім керек бәріне.
Бақдәулет:
Мектеп-қамқор анамыз
Оқып білім аламыз,
Біз оқушы боламыз!
Өмірімнің көктемін
Сенде өткіздім деп келдім,
Алтын ұя -мектебім!
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл-анам мектебім.
Забира:
Бірінші қыркүйек күнімен,
Аңқыған жұпар гүлімен.
Келіп ем , қарсы алар мектебім ,
Сүйкімді қоңырау үнімен ...
Отанның біз ұл қызы
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын -жырларын,
Оқимыз еңбек сырлары.
Жүргізуші
Бүгін қандай шаттық тола күн еді ,
Бүкіл әлем ерекше бір түледі,
Балдырған жетектеген ата-ана,
Қуаныштан жарылардай жүрегі,
Білім көзін ашатынын біледі,-деп балаларын мектепке жетектеп келіп отырған ата-аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға нұр бітсін демекпіз . Бүгінгі салтанатты мерекеміздің мәртебелі қонақтарына сөз береміз.
Бүлдіршіндер сендерге артар міндет көп,
Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп .
Білімнің көзін аша білсең тереңнен,
Жетелейді армандарға бұл мектеп-деп бүгінгі «Сыңғырла алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиынымыз аяқталды.
Білім күні құтты болсын!
Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!