Ас- адамның арқауы » НШ№31 Бел-Арық
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№31 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ас- адамның арқауы
08
октябрь
2021

Ас- адамның арқауы

Тақырыбы: «Ас – адамның арқауы»
Мақсаты:
1. Денсаулықтың негізі – дұрыс тамақтану екенін түсіндіру. Ырым тыйымдармен таныстыру.
2. Ұлттық тағамдарды насихаттау.
3. Ұлттық салт – дәстүрімізді құрметтеу, ұлттық сана – сезімдерін ояту.:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды үш топқа бөліп құрастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Өткен тәрбие сағатында қандай тақырып өттік? (Денсаулық – зор байлық).
- Адамның көңілді болуы неге байланысты?
- Денсаулықтың арқасында ұзақ жасаған кім еді? (Ұлықпан хакім).
- Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану.
ІІІ. Жаңа сабақ. Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Ас – адамның арқауы» - деп аталады.
Балалар дұрыс тамақтанбасақ оның денсаулыққа кері әсер етеді.
Тамақтанғанда да ол тамақтың таза жасалғанына оның мерзімінен асып кетпегеніне аса мән беру керек. Және де тамақтанған кезде асықпай отырып, көп шайнап, сонан соң жұту керек. Тамақты тез, асығып жүріп жесең тез тойып қаласың, және де бұл ашқарақтыққа, қомағайлыққа қалыптастырады. Сол себепті тамақ теледидар алдында отырып жеген жөн.

Похожие публикации:

05 октябрь 2021 Отбасылық тәрбие