Бала тәрбиесі
Ата-ананы да, педагогтарды да жиі мазалайтын мәселенің бірі – бала бойындағы жалқаулық. Ол ерінбей үй тапсырмасын өзі орындауы үшін, үй шаруаларына өздігінен көмектесуі үшін, барлық істі өз қалауымен жасауы үшін не істеуге болады деп бас қатырады. Бүгін осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Ауруды емдемес бұрын оның пайда болу себебін анықтайды, сол секілді еріншек болу қайдан шығатынын ойланайық. 1. Шаршау, жалығу, эмоциялық ресурс пен физикалық күш жетіспеуі. Мысалы бала ауырып тұрса, не